Air Astana әуе компаниясы DHL GoGreen Plus сертификатын алды
16 шілдеде DHL Express Kazakhstan компаниясы Air Astana-ға GoGreen Plus сертификатын табыстады. Бұл сертификат компанияның тұрақты авиациялық отынды (SAF) пайдалану арқылы халықаралық логистикаға байланысты CO₂ шығарындыларын азайтуға қосқан үлесін растайды.
Air Astana DHL GoGreen Plus сертификатын алған Қазақстандағы алғашқы компания атанды. Бұл бастама логистикалық операцияларының көміртек ізін азайтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын клиенттерді қолдауға бағытталған.
Сертификатты DHL Express Kazakhstan компаниясының бас директоры Евгений Багдашкин Air Astana компаниясының Бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыелге табыстады.
DHL GoGreen Plus бағдарламасы компанияларға тұрақты авиациялық отынды (SAF) пайдалану арқылы халықаралық тасымалдармен байланысты парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл логистикалық қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендетуге және бизнестің тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуіне көмектеседі.
DHL Express Kazakhstan Air Astana компаниясына сенімі мен тұрақты даму қағидаттарына адалдығы үшін алғыс білдіреді. Компаниялар бірлескен күш-жігерінің арқасында логистика және авиация салалары үшін экологиялық тұрғыдан тұрақты болашақ құруға өз үлестерін қосуды жалғастыруда.