Баспасөз Релиздері

Тұрақты даму басты басымдық болып қалады: DHL Express «2024 тұрақты даму бойынша жаһанды сауалнамасы»

Тұрақты даму басты басымдық болып қалады: DHL Express «2024 тұрақты даму бойынша жаһанды сауалнамасы»


  • Тұрақты дамудың мәні бар: Шағын бизнеске арналған DHL Express жаһанды зерттеуі» есебі шағын және орта бизнестен (ШОБ) алынған ақпаратты қамтиды.
  • Тұрақты даму ШОБ үшін маңызды басымдық болып табылады, сонымен қатар ол бизнестің өсуі, клиенттерді тарту және ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін қажет.
  • Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 53% өздерінің операциялық бюджетінен тек қана 1-3% тұрақты дамуға инвестициялауға дайын.
  • Қызметкерлердің және клиенттердің тарапынан қолдауды қамтамасыз ету және ШОК үшін маңызды міндеттердің бірі болып қалады.

    Жаңа DHL Express жаһанды зерттеуінде тұрақты даму шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) үшін бизнестің ұзақ мерзімді құнына елеулі әсер ететін және брендке деген сенім білдіретін стратегиялық императив болды деп айтылады. Жеткізулердің тізімінде тұрақты дамытудың үдемелі дамуын жақсырақ түсіну үшін, DHL Express компаниясы 11 елде шағын және орта бизнестің 5000 өкіліне тереңдетілген сауалнаманы жүргізді: Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерландтар, Аустралия, Қытай, Сингапур, Жапония, Мексика, Канада және Үндістан. Зерттеуге қатысқан ШОК тоғыз саланы ұсынды: бөлшек сауда, тұтынушылық тауарлардың өндірісі, кәсіби қызметтер, машина жасау, мода, технологиялар, химиялық өнеркәсіп, денсаулық сақтау және медицина, сондай-ақ қаржылық қызметтер.
    Бұл ШОК-қа өзгермелі бизнес-ландшафтта жақсырақ бағдарлануға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесетін бағалы мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Жарияланған есепте тұрақты дамудың шағын және орта кәсіпорындарға ықпал етуін ашады және де жеткізулердің тізбегінде оның үдемелі басымдылығын ерекшелейді.

    "Тұрақты даму қазіргі таңда көптеген компаниялардың басты назарында тұр. Алайда, тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру жиі оңай міндет болып көрінбеуі мүмкін – сауалнаманың көптеген қатысушылары осы жолды не нәрседен бастауды білмейтінін атап өтті. Карбон ізі төмен жүктерді жеткізу саласында өзінің шешімдерімен белгілі DHL Express сияқты сенімді логистикалық көшбасшымен ынтымақтастық шағын және орта кәсіпорындарға өздерінің тіршілік етуге қабілеттігін сақтауға, бәсекеге қабілеттігін арттыруға және ұзақ мерзімі өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді" – дейді Михель Гривен, DHL Express жаһанды коммерция жөніндегі атқарушы вице-президенті.

Маңыздылық жоғары,бірақ инвестициялауға дайындық төмен


Барлық зерттелетін секторларда шағын және орта кәсіпорындардың ең аз дегенде үштен екі бөлігі олар үшін тұрақты дамудың «өте маңызды», немесе «аса маңызды» екенін мәлімдеді. Осы пікірмен қаржы секторының және мода индустриясының өкілдері ең көп келіседі – әрбір топта респонденттердің 81% дәл осылай жауап берді. Осы мәселенің маңыздылығын жаппай түсінуге қарамастан, ШОК көбісі тұрақты даму саласындағы бастамаларға бюджеттерді жақтырмай бөледі. Олардың көбісі (53%) тұрақты даму жобаларына өздерінің операциялық бюджетінен тек 1-3% инвестициялауға дайын. Тек қана 9% ШОК 5%-дан астам инвестициялайды, ал 16% - инвестициялауға мүлдем дайын емес.

Қызметкерлердің және клиенттердің тарапынан тұрақты даму саласындағы бастамаларды қолдау басты проблемалардың бірі болып қалады


Сол арада клиенттердің экологиялық тасымал үшін көбірек төлеу дайындығының орташа әлемдік көрсеткіші небәрі 23% құраса, Үндістан мен Қытайда ШОК арасында бұл дайындық едәуір жоғары және сәйкесінше, 51% және 47% құрайды.Оларды тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізудегі проблемалар жайлы сұраған кезде, барлық нарықта ШОК көпшілігі үшін қызметкердің және клиенттердің тарапынан аталған бастамалардың қолдауын қамтамасыз ету басты проблема болды. Бұл әсіресе ШОК-тың 74% осындай проблеманың болуын мойындайтын Германия үшін тән.

Мода индустриясы және қаржылық қызметтер секторы тұрақты дамуға ең көп назар аударатын салалардың санына кіреді


Мода индустриясы олардың жеткізулер тізбектері экологиялылығының мәнмәтінінде қадалған назар аудару объектісіне жиі айналатынына қарамастан, мода саласында шағын және орта кәсіпорындардың көпшілігі тұрақты даму үшін үзілді-кесілді ұсыныс жасайды. Осы сектордағы респонденттердің 81% олардың бизнесі үшін мұның «өте маңызды» немесе «аса маңызды» екенін мәлімдеді, ал төрттен үш бөлігінен астам (78%) экологиялық жеткізу нұсқаларының ұсынысы олардың брендінің беделін жақсарта алады деп санайды («кейбір/көп/өте көп дәрежеде»). Қаржы қызметтері саласындағы ШОК олардың бизнесі үшін тұрақты дамудың «аса маңызды» екенін ең жиі айтады (43%). Осы сектордың өкілдері тұрақты даму практикаларын енгізуге операциялық бюджеттен алынған қаражатты ең шын көңілмен бөледі (88%), сонымен қатар экологиялық жеткізу нұсқаларының ұсынысы коммерциялық табыстылықтың артуына әкеп соқтыра алады деп санауға бейімдірек (47 % «елеулі/өте елеулі дәрежеде»).

DHL Express тұрақты дамуға ерекше назар аударады.


DHL Express осылайша жылыжайлық газдардың жыл сайынғы шығарындыларын 29 миллион тоннадан кем деңгейге дейін азайту, «соңғы миля» кезеңінде жүктерді жеткізетін көлік құралдарының 66% электрлендіру және 2030 жылға қарай экологиялық отынның үлесін 30-дан астам %-ға дейін арттыру бойынша DHL Group мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосып, үнемі өзінің операциялық процестерінің және ұсынылатын қызметтерінің экологиялылығын арттыруға ұмтылады. Бұған қоса, GoGreen Plus қызметінің арқасында DHL Express клиенттері SAF (Sustainable Aviation Fuel) экологиялық авиациялық отынды пайдалану есебінен Scope 3 шеңберінде өздерінің атмосфераға шығарындыларын қысқарта алады. “Вook and claim” механикасына сәйкес, қол жеткізілген экономия (Scope 3) тіркеледі және растаушы сертификаттар түрінде клиенттерге беріледі.

Таяудағы он жылда тұрақты даму саланы өзгертуге тиіс. Бұл зерттеу шағын және орта кәсіпорындарға өздерінің логистикалық процестерінің тұрақтылығын арттыру үшін тәжірибелік қадамдарды қолдануға және де олардың клиенттерінің үміттерімен байланысты кез келген қиындықтарды еңсеруге көмектесу үшін жүргізілді. Логистика саласында көшбасшы бола тұра, DHL Express бизнестің сан алуан салалары мен сегменттерінде бүкіл әлем бойынша мыңдаған шағын және орта кәсіпорындарды қолдайды және де оларға тұрақты даму саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін, қажетті құралдарды, стратегияларды және білімдерді оларға ұсынуға ұмтылады. Есепті мына жерден жүктеуге болады: Sustainability Matters: DHL Express’ Global Survey on Small Businesses